Қызылорда облысында дезинфекция жүйелі жасалып жатыр

Мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқандардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дезинфекцияны күнделікті жүргізеді. Карантин режимі қатаң сақталып, ішкі және сыртқы аймақтарға дезинфекция жасалады.

дезинфекция
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жатақхана, өндірістік орындар, асханада санитар жұмыстар міндетті түрде күн сайын жүргізіледі.

дезинфекция
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақтар тазартылып, бөлмелер желдетіліп, маска режимі қатаң сақталып отыр. Сонымен  қатар дезинфекциялау мақсатында тоннель компрессорге қосылды. Бұл дезинфекциялау тоннелі мекеменің бақылау өткізу алдына орнатылды. Мекемеге келушілер тоннель арқылы өткен соң мекеме ішінде де, сыртында да қауіпсіз қалыпта болады.