Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сулен Ілиясов онлайн брифингіде айтты.
Оның мәліметінше, марқұм — Целиноград ауданы Аққайың ауылының 1947 жылғы тұрғыны, ол «дисциркулятор энцефалопатия» диагнозымен есепте тұрған. Кейінгі жылдары оған бірнеше рет операция жасалған.
1 наурызда пациент қан қысымы көтерілгеннен бірнеше органының қызметі бұзылып, тынысалу, жүрек-қан тамырлары органдары ауырып, ауруханаға түскен. 2 сәуірде қайтыс болды, мәйіті Нұр-Сұлтанға сот-медицина сараптамасына жіберілді. Полимераза тізбек реакциясы әдісімен жүргізілген зерттеудің нәтижесінде оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, — деді Сулен Ілиясов.
Қазір бұл адаммен қатынаста болуы мүмкін адамдар анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны бесеуге жеткені хабарланған еді. Ақмола облысында осымен екінші адам көз жұмып отыр.