28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Медицина қызметкерлерінің ауру жұқтыруы туралы көп сұрақ қойылып жатыр. Иә, біз мұндай деректерді жасырмаймыз. Ондай жағдай бар. Карантин нысандарында жұмыс істегендіктен коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері — 28 адам. Әр жағдай бойынша эпидемиология зерттеуі жүргізіліп, себебі анықталады, — деді министр.

Елжан Біртанов дәрігерлер мен саланың басқа да мамандарына коронавирустан емдеу мекемелерінде ауру жұқтыру қаупі жоғары болатыныны о бастан белгілі екенін айтты.

Соған байланысты қазіргі кезде өңір әкімдіктері жер-жерде барлық қажет шараны қолға алды, медицина жұмысшыларының қауіпсіздігін сақтау жөнінде тиісті ережелер орындалуы керек. Медицина жұмысшыларының өзі қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауы керек, әрине, проблемалар бар, дезинфекция тауарлары, жеке қорғаныш құралдары жетпей жатыр, оларды сатып алғалы жатырмыз. Дәрігерлердің тұрақты жұмысы қамтамасыз ету үшін бар күшімізді жұмсаймыз, — деді Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстанда науқастармен 13 467 адам қарым-қатынаста болғанын айтты.