Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау және денсаулығын қорғау бағытында жұмыстар жүріп жатқаны туралы баяндады.
Қазіргі таңда облыста шектеу шаралары енгізіліп, карантин жарияланды. Жаңақорған ауданы да карантинге жабылды. Өңірде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жанынан жедел штаб құрылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Егер сауалдарыңыз болса, «400-100» нөміріне хабарласыңыздар. Коронавирус індетін жұқтырған адамдар карантин стационарында ем алып жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтар да бақылауда, — деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Облыс әкімі әскери бөлім сарбаздарының көмегімен індет ошақтарына дезинфекция жүргізілгенін айтты. Бұған қоса, қалаға кіреберіс жолдарда тосқауыл бекеттері қойылды. Әр бекетте әскери қызметкерлер кезекпен жұмыс істейді. Арнайы техникамен және адам тасымалдауға арналған автокөліктермен қамтылған.