42 500 теңгені алуға Telegram-бот көмегімен қалай өтініш беру керек?

Telegram-бот жуық арада іске қосылады. Әлеуметтік төлем алуға өтініш беру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1-қадам: Telegram-ға кіріп, EgovKzBot2.0 ботын іздеп табу;

2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу» қызметін таңдау;

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажет деректі толтырып, жіберу.

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпарат жүйесіне келіп түседі, дерек бір күн ішінде тексеріледі (бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің өтініші тексерусіз қабылданады);

5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Е-Макет» ақпарат жүйесіне бір күн ішінде түседі;

6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жібереді;

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.
Төлем өтініш берушінің банк шотына аударылады.