Сағат 20.45-тегі мәлімет:
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы төрт адам тiркелді: Нұр-Сұлтанда екі адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам, Түркістан облысында бір адам. Түркістан облысында алғашқы пациент тіркелді. Республика бойынша науқастар саны 340-қа жетті.
Өңірлер бойынша статистика:
Нұр-Сұлтан — 178;
Алматы — 82;
Шымкент — 2;
Ақмола облысы — 10;
Ақтөбе облысы — 3;
Алматы облысы — 8;
Атырау облысы — 13;
Шығыс Қазақстан облысы — 2;
Жамбыл облысы — 3;
Батыс Қазақстан облысы — 2;
Қарағанды облысы — 13;
Қызылорда облысы — 18;
Маңғыстау облысы — 1;
Павлодар облысы — 1;
Солтүстік Қазақстан облысы — 3;
Түркістан облысы — 1.
Бүгінге дейін коронавирус инфекциясынан 24 адам сауығып шықты: Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда сегіз адам. Екі адам қайтыс болды.
Сағат 15.30-дағы мәлімет:
11 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды: Қызылорда облысында 10 адам, Нұр-Сұлтанда бір адам науқастар қатарына қосылды.
Сонымен осы уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 336 дерегі тіркеліп отыр.
Сағат 11.45-тегі мәлімет:
Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырғандардың арасынан тағы бір адам қайтыс болғанын хабарлады. Республика бойынша коронавирус құрбандарының саны екеуге көбейді.
Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда науқастардың бірі аурудан айыққанын да айтты. Қазақстан бойынша барлығы 22 адам коронавирустан сауығып шықты.
Ауру жұқтыру жағдайларының жалпы саны 325 болды.
Сағат 09.40-тағы мәлімет:
Коронавирус инфекциясы тағы 17 адамнан анықталды тiркелді: Нұр-Сұлтанда екі, Алматыда тоғыз адам, Қызылорда облысында үш адам, Атырау облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.
Науқастардың жалпы саны 325 болды.
Сағат 00.10-дағы мәлімет:
Дәрігерлер алты адам коронавирус жұқтырғанын анықтады. Нұр-Сұлтанда бес адам, Ақмола облысында бір адам науқастар қатарына қосылды. Анықталған жағдайлардың жалпы саны 308 болды.