Алматыда коронавирус 73 адамнан анықталғаны белгілі, оның жетеуі айығып, ауруханадан шықты. Қазір 66 науқас емделіп жатыр.
Қазіргі кезде 58 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бір ересек науқастың жағдайы ауыр, алты ересек адам орташа ауыр деңгейде және бір бала орташа ауыр деңгейде, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді, — деді ол онлайн брифингіде.
Жаңадан анықталған алты науқастың төртеуі — бұрын ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандар, бір пациент 19 наурызда Минск — Алматы рейсімен, тағы біреуі осы күні Ыстамбұл — Алматы рейсімен келген.
Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 11 жастағы бала бар. Қазір ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында әкесімен бірге жатыр. Әкесі де коронавирус жұқтырған, — деді Тілеухан Әбілдаев.
Бұған дейін Алматыдағы балалар жұқпалы ауруханасында коронавирус жұқтырған ана мен бала жатқаны хабарланған еді.
Қазір Алматыда 1 046 адам провизоры бар ауруханада жатыр, мұндай ауруханалар бұрын төртеу болса, қазір алтау. Ауруханада жатқандардың 152-сі — бала. Коронавирус тараған елдерден келген 419 адам карантинге жатқызылды.