13 жасар Айшолпан әлемдегі ең жас бүркітші қыз саналады. Ол ата-анасымен бірге Монғолияда тұрады. Фильмде бүркітшілік өнерді жылдам меңгерген Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы, қазақ ұлтының дәстүрлері туралы көріністер көрсетілген. Фильм режиссері — Отто Белл.
Бүркітпен аң аулау — ер адамның ісі деп қабылданғандықтан, фильмді түсірушілер ауыл ақсақалдарына барып, әйел адам неге айналыса алмайтынын анықтауға тырысыпты. Ал Айшолпанды бұл іске әкесі Нұрғайып баулыған екен. Сонымен қатар Отто Белл аңды ұстағандағы кей көріністерді көрермен дәстүрді білмей, дұрыс түсінбей қалуы мүмкін деген оймен қысқартқанын айтқан.