Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, бұл туралы ол 20 наурызда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Жандарбек Бекшин журналистерге Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып қала беретінін айтқан.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қызметтен босатылуы туралы ресми құжат әзірше еш жерде жарияланған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріпке сілтеме жасаған Тengrinews.kz-тің хабарлауынша, жаңа Бас мемлекеттік санитар дәрігер болып Айжан Есмағамбетова тағайындалды.

Жандарбек Бекшин ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері болып 2011-2013, 2014, 2014-2017 жылдары қызмет етті. Соңғы рет бұл қызметке 2019 жылдың 25 маусымында тағайындалды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетін былтырдан бері Людмила Бюрабекова басқарады.