Челленджге Жаңақорған ауданы да үн қосты. Қазіргі уақытта Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің тігін цехы бетперде тігумен айналысып жатыр. Бірнеше рет пайдаланылатын, сапасы жоғары бетперделер қазіргі уақытта қолданысқа дайын.
«Жаңарған Жаңақорған жастары» волонтерлар тобы да осы іспен айналысып жатыр. Бұған дейін 500 дана бетперде тігілсе, қазіргі уақытта оның санын екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Волонтерлар тобы бұл бетперделерді тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратпақ.
Айта кетейік, облыста «Далатекс» тігін фабрикасында арнайы қондырғының көмегімен бірреттік жеке қорғаныш бетперделері шығарылады. Онда әзірленіп жатқан сегіз қабатты, бірнеше рет пайдалануға жарайтын жеке қорғаныш бетперделер Қызылордадағы және аудандардағы дәріханаларға жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта сұранысқа қарай бетперделер санын 5000 данаға жеткізу жоспарланып отыр.