Коронавирус: Daryn.online оқушыларды тегін оқытуға дайын

Бұл туралы платформа құрылтайшысы Айбек Қуатбай Facebook-парақшасында жазды.

Қазіргі жағдайды ескере отырып, платформа республикадағы барлық мектеп оқушысына көмектесуге дайын екенін хабарлағымыз келеді. Кәсіп көзі болса да, дәл қазір ақша табудан бұрын, Білім және ғылым министрлігіне қолдау көрсетуге дайынбыз, — деп жазды Айбек Қуатбай.

Апат айтып келмейді. Алыстан емес жақыннан жалмап келе жатқан коронавирустың адамзат үшін үлкен апат екенін кеше ғана…

Опубликовано Айбеком Қуатбаем Пятница, 13 марта 2020 г.

Айта кетейік, Daryn.online білім беру платформасын ақылы жоба ретінде іске қосылған. Жоба республика аумағында серіктестерімен бірігіп жұмыс істеп отыр. Қазіргі уақытта платформаға 18 916 оқушы тіркеліп, 4 616 оқушы білім алып жатыр.