Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда қазіргі мезгілде Атлантика циклоны Қазақстан аумағына жылудың кезекті «порциясын» алып келе жатыр.

Соған байланысты температура фоны жоғарылайды, кей жерде жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының өкілдері.

Бұл 3 күнде елімізде түнгі және таңғы мезгілдерде тұман түседі, көктайғақ байқалады.