Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды

П.Чайковский, "Ұйқыдағы ару" балетіндегі Флорина ханшайымның вариациясы. Орындаушы - Камилла Шахманова

Концерт бағдарламасына әлемдік классикалық балеттің інжу-маржаны саналатын хореографиялық нөмірлер, қазақстандық және шетелдік хореографтардың қазіргі заманғы қойылымдары кірді. Жас артистер «Дон Кихот», «Гаянэ», «Қуыршақтар феясы», «Корсар», «Ұйқыдағы ару», «Коппелия» балеттерінен үзінділер мен басқа да қойылымдарды көрсетті.

Киелі өнер ордасы — Абай атындағы қазақ опера және балет театрының сахнасында өткен Қазақ ұлттық хореография академиясы шәкірттерінің концерті қазақ халқының кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойына тарту ретінде ұйымдастырылды. Бұл шара еліміздегі хореография өнерін дамытуға және оны көпшілікке танытуға елеулі үлес қосатынына сенеміз, — деді Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Бибігүл Нүсіпжанова.

Қазақ ұлттық хореография академиясы — кәсіби хореографиялық білім беру саласында бастауыш, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша толық білім беретін Орталық Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны. Академияға Ресей халық артисі, Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Асылмұратова жетекшілік етеді.

Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Д.Россини-Б.Бриттен, «Үшеуге арналған соло». Орындаушы — Акбар Иминов. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Ф.Шопен, «Вальс». Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
А.Адан. «Корсар» балетіндегі одалиска вариациясы. Орындаушы — Әлима Әлиханова. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
П.Чайковский, «Аққулар көлі» валетінен вариация. Орындаушы — Рустам Чахалов. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Л.Минкус, «Дон Кихот» балетінен фрагмент. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Ц.Пуни, «Конек-Горбунок» балетіндегі Су патшайымының вариациясы. Орындаушы — Камилла Шахманова. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Р.Спектор, Après moi. Орындаушы — Даянхан Құмаров. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Д.Россини-Б.Бриттен, «Үшеуге арналған соло». Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
А.Адан, «Жизел» балетіндегі Альберттің вариациясы. Орындаушы — Рустам Чахалов. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
«Қырандар». Орындаушылар — Диас Еркін және Нима Токов. Фото: С.Бакиров
Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Фото: С.Бакиров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *