Басты бет / Жаңалықтар /
Балет
П.Чайковский, "Ұйқыдағы ару" балетіндегі Флорина ханшайымның вариациясы. Орындаушы - Камилла Шахманова

Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды

Концерт бағдарламасына әлемдік классикалық балеттің інжу-маржаны саналатын хореографиялық нөмірлер, қазақстандық және шетелдік хореографтардың қазіргі заманғы қойылымдары кірді. Жас артистер «Дон Кихот», «Гаянэ», «Қуыршақтар феясы», «Корсар», «Ұйқыдағы ару», «Коппелия» балеттерінен үзінділер мен басқа да қойылымдарды көрсетті.

Киелі өнер ордасы — Абай атындағы қазақ опера және балет театрының сахнасында өткен Қазақ ұлттық хореография академиясы шәкірттерінің концерті қазақ халқының кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойына тарту ретінде ұйымдастырылды. Бұл шара еліміздегі хореография өнерін дамытуға және оны көпшілікке танытуға елеулі үлес қосатынына сенеміз, — деді Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Бибігүл Нүсіпжанова.

Қазақ ұлттық хореография академиясы — кәсіби хореографиялық білім беру саласында бастауыш, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша толық білім беретін Орталық Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны. Академияға Ресей халық артисі, Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Асылмұратова жетекшілік етеді.

a2ef406e2c2351e0b9e80029c909242d scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Д.Россини-Б.Бриттен, «Үшеуге арналған соло». Орындаушы — Акбар Иминов. Фото: С.Бакиров
e45ee7ce7e88149af8dd32b27f9512ce scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Ф.Шопен, «Вальс». Фото: С.Бакиров
7d0665438e81d8eceb98c1e31fca80c1 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
А.Адан. «Корсар» балетіндегі одалиска вариациясы. Орындаушы — Әлима Әлиханова. Фото: С.Бакиров
751d31dd6b56b26b29dac2c0e1839e34 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
П.Чайковский, «Аққулар көлі» валетінен вариация. Орындаушы — Рустам Чахалов. Фото: С.Бакиров
faeac4e1eef307c2ab7b0a3821e6c667 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Л.Минкус, «Дон Кихот» балетінен фрагмент. Фото: С.Бакиров
d72d187df41e10ea7d9fcdc7f5909205 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Ц.Пуни, «Конек-Горбунок» балетіндегі Су патшайымының вариациясы. Орындаушы — Камилла Шахманова. Фото: С.Бакиров
fad6f4e614a212e80c67249a666d2b09 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Р.Спектор, Après moi. Орындаушы — Даянхан Құмаров. Фото: С.Бакиров
0a8005f5594bd67041f88c6196192646 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Д.Россини-Б.Бриттен, «Үшеуге арналған соло». Фото: С.Бакиров
d3d9446802a44259755d38e6d163e820 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
А.Адан, «Жизел» балетіндегі Альберттің вариациясы. Орындаушы — Рустам Чахалов. Фото: С.Бакиров
6512bd43d9caa6e02c990b0a82652dca scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
«Қырандар». Орындаушылар — Диас Еркін және Нима Токов. Фото: С.Бакиров
c20ad4d76fe97759aa27a0c99bff6710 scaled Астананың 60 бишісі Абайдың 175 жылдығына орай концерт қойды
Фото: С.Бакиров

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз