Бүкіләлемдік банк әлем экономикасының өсімі 2,4% бәсеңдегенін мәлімдеді. Негізгі себебі — сауда соғысы мен геосаяси ахуал. Сыртқы саясаттағы шиеленіс елдердің инвестиция жөнінен белсенділігіне де әсер етті. 2019 жылдың алғашқы жартысында жаһан бойынша шетелдің тікелей инвестициясының түсімі 20% азайып, 572 миллиард доллар болған.

Ranking.kz зерттеушілерінің айтуынша, бір ел мен оның экономикасының дамуы сол мемлекеттегі бейбіт ахуал мен оның сыртпен байланысына тікелей тәуелді. Жаһандық бейбітшілік индексі мәліметі бойынша қазіргі кезде өмір сүру үшін ең қауіпсіз елдер қатарына Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия және Дания, Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия кіріп отыр. Рейтингіде барлығы 163 мемлекет бар.

Индекс елдегі зорлық-зомбылық пен қылмыс деңгейі сияқты ішкі фактормен бірге халықаралық қатынастар, әскери шығын сияқты сыртқы факторларды да есепке алады. Өмір қауіпсіздігі барлығы 23 индикатор бойынша бағаланған.

Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен мен Ирак әлемнің ең қауіпті елдері атанып отыр. Ең қауіпті елдер ондығына Ресей де енді.

Қауіпсіз елдер

Қазақстан қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі елдер арасында 64-орын алды. Ал посткеңестік кеңістік бойынша бірінші орында.

Алдын ала мәлімет бойынша 2019 жылы шетелдің тікелей инвестициясының жалпы түсімі 25 миллиард доллар шамасында болды. Инвестиция бойынша белсенділік Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына ықпал етті.

Қауіпсіз елдер