Қазақстанда жоғары және бірінші сортты ұн қаншалықты қымбаттады?

Жылдың алғашқы айында өндірілген жалпы ұн көлемінің 229,1 мың тоннасы немесе 91,8%-і — бидайдың және қарабидай мен бидай қоспасының ұсақ тартылған ұны. 18,3 мың тоннасы немесе 7,3%-і — нан өнімдерін пісіруге қажет қоспа.

Ұн негізінен әдеттегідей Қостанай облысында (70,2 мың тонна), Шымкентте (34,4 мың тонна) және Қарағанды облысында (26,5 мың тонна) көп өндірілген.

Ұн

2019 жылы Қазақстан кәсіпорындары ішкі және сыртқы нарықтың ұнға сұранысын 99,8% өтеді. Елімізге шетелден ұн келген жоқ. Экспорт 1,56 миллион тонна болды, 2018 жылға қарағанда ұн экспорты 31,8% азайған.

Қазақстан ұнын негізінен Ауғанстан алады: 914,2 мың тонна (221,4 миллион доллар), бұл — жалпы ұн экспортының 58,5%-і. ТМД елдерінен бізден ұнды Өзбекстан ең көп импорттайды: 388 мың тонна ұн, сомасы — 77 миллион доллар, бұл — Қазақстан бойынша жалпы ұн экспортының 24,8-і.

Ұн

2020 жылдың ақпанында ішкі нарықта бидай ұнының келісі 202,2 теңге болды. Бірінші сортты ұнның келісі — 170 теңге. Жоғары және бірінші сортты ұн республика бойынша Павлодар облысында тым қымбат.

Ұн

Айта кету керек, Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағы 2020 жылдың көктемінде әлеуметтік нан қымбаттауы мүмкін деп болжам жасады. Оған ұн бағасының өсуі себеп.