Боран мен көктайғаққа байланысты 17 жол учаскесі жабылды

«Қазавтожол» компаниясына сілтеме жасаған Zakon.kz-тің хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақстандағы көлік жолдарының 7,2%-і жабық тұр.

Көлік қозғалысына мына жол учаскелерінде шектеу қойылды:

1. Нұр-Сұлтан — Щучинск, 18-231-шақырымдар;

2. Екатеринбург — Алматы, 856-917-шақырымдар, СҚО шекарасы — Жақсы ауылы;

3. Нұр-Сұлтан — Ерейментау — Шідерті, 16-235-шақырымдар;

4. Щучинск — Зеренді, 0-80-шақырымдар;

5. Екатеринбург — Алматы, 1006-1247-шақырымдар;

6. Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы, 105-123-шақырымдар;

7. Қызылорда — Павлодар, 1066-1135-шақырымдар, Молодежный ауылы — Павлодар облысы шекарасы;

8. Екатеринбург — Алматы, 686-729-шақырымдар, Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы;

9. Қызылорда — Павлодар, 1135-1208-шақырымдар, Қарағанды облысы — Шідерті ауылы;

10. Қызылорда — Павлодар, 1208-1251-шақырымдар, Шідерті ауылы — Екібастұз;

11. Екатеринбург — Алматы, 729-856-шақырымдар, Қостанай облысы шекарасы — Ақмола облысы шекарасы;

12. Жезқазған — Петропавл, 595-701-шақырымдар, Ақмола облысы — Новоишимка ауылы;

13. Жезқазған — Петропавл, 701-795-шақырымдар, Новоишимка ауылы — Сергеевка ауылы;

14. Волошинка — Сергеевка — Тимирязево, 75-119-шақырымдар;

15. Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысы шекарасы, 0-31-шақырымдар;

16. Булаев — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Қиялы — Рощенское, 0-228-шақырымдар;

17. Алматы — Өскемен, 971-1068-шақырымдар, Қалбатау — Қасым Қайсенов;