Алматы қаласының Қастеев атындағы Орталық мемлекеттік мұражайында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Еркіндікке ұмтылыс» атты көрме жұмысын бастады. Онда осыдан бір ғасыр бұрын наразылықтың ірі ошақтары болған — Семей және Торғай өңірлеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер мен оның қалай өрбігені ғана емес, қатысқан адамдар туралы да білуге болады.
Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетейік, аталған ұлт-азаттық көтерілісітің басталуына Ресей империясының 19-дан 43 жасқа дейінгі ер азаматтарды тыл жұмысына мәжбүрлеп тарту туралы бұйрығы түрткі болды. Тағы бір себебі — Ресейден көшіп келушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жер мәселесі. Көтеріліс 1916 жылы Худжантта басталып, ресейлік жазалаушы әскерімен жаншылды.