Демалыс күндері қарлы боран соғып, суық болады

Еліміздің ауа райына ықпал етіп келген Қара теңіз циклоны Қазақстанның батысына жылжыды, ал 8-і күні таңертең солтүстікке ауып, қарлы боранға, желдің күшеюіне себеп болады. Осы циклонның атмосфера таралымдары батыстан шығысқа ығысып, жол бойындағы өңірлерде де қар мен боранға, оңтүстік-батыстан күшті желдің соғуына, көктайғаққа себеп болады, республиканың оңтүстігінде жаңбыр қарға ұласады.

Циклон мен фронт артынан Қазақстанға солтүстік теңіз акваториясынан Арктиканың суық ауа массасы келіп, батыс және солтүстік облыстарда күн суиды. Қазақстанның қалған аумағында демалыс күндері ауа температурасы бұрынғысынша 0-ден 8 градусқа, оңтүстікте 10-15 градусқа, қиыр оңтүстікте 20 градусқа дейін жоғарылайды, — деп хабарлайды «Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да