Былтыр қаңтарда бұл көрсеткіш 26 900 теңге болған, ол кезде күнкөріс минимумы бір жылда 4% өскен еді.

Биылғы қаңтарда тауар мен қызмет 2019 жылғы қаңтарға қарағанда 5,6% қымбаттаған. Азық-түлік бағасы 9,2%, басқа тауар бағасы 5,2%, қызмет ақысы 1,4% өскен.

Күнкөріс

Күнкөріс минимумының ең көп мөлшері әдеттегідей Маңғыстау облысына тиесілі — 35,4 мың теңге, бұл орташа республикалық шамадан 18% жоғары. Бұдан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге, республикалық деңгейден 11,6% жоғары) мен Алматы (33,1 мың теңге, 10,4% жоғары) тұр. Қазақстанның алты өңірінде күнкөріс минимумы орташа республикалық шамадан жоғары.

Күнкөріс минимумы ең төмен өңірлер Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстары болып отыр. Қазақстанда күнкөріс минимумы зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы сияқты әлеуметтік төлемдерге байланысты екенін айта кету керек.

Күнкөріс

Қаңтарда күнкөріс минимумының жалпы сомасында ет және балық өнімдерінің үлесі 2019 жылғы 20,5%-тен 2020 жылғы 21,1%-ке дейін, нан мен жарма өнімдерінің үлесі 8% артқан. Ал сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі бір жылда 16,5%-тен 15,9%-ке, жеміс-жидек пен көкөністің үлесі 8,2% азайды. Қант, шай мен дәмдеуіштердің үлесі 2,2%-тен 1,8%-ке азайды.

Күнкөріс