Президент Алматыда нан мен ет бағасын өсірмеуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда нан мен ет бағасын тұрақтандыруды тапсырды.

Президенттің айтуынша, 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тағам өнімдерінің бағасы 8,8%, Алматыда 10% өсті.

Азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеуге Үкімет назарын тағы аударғым келеді. Бәрінен бұрын нан мен ет өнімдері бағасы шарықтамауы керек. Азық-түлік бағасының өсу фактісінің өзі — экономикамыздың әлсіз екенінің айқын көрінісі. Мысалы, сыртқы нарықтағы конъюнктураның нашарлауын алға тарту орынсыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ДереккөзTengrinews.kz