Алматы әкімдігінің мәліметінше, мүсіннің авторы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.
Ескерткіштің ашылу салтанатына танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар мен басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Шарада Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Абайдың рухани мұрасы ел халқын жетілдіруге ықпал ететінін айтты.
Абайдың мерейтойлық жылы — мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындардың бәрі үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философтың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналып отыр және әрқайсымызды жетілдіруге қызмет етеді, — деді ол.
Мүсін Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы «Гүлдер» скверіне қойылды.