Адамдар неге өтірік айтады?

Ғалымдар зерттеуге 80 еріктіні іріктеп алып, оларға арнайы ойынға қатысуды ұсынды. Қатысушылар жұптарға бөлініп, еріктілердің бірі ғылымдардың «серіктесі» болды. «Серіктес» ойында пайдалы болатын ақпаратты жинап отырған. Нәтижесінде, ол әр кезең сайын өзінің серігін алдауға тырысқан.

Ғалымдар ойын барысында тәжірибеге қатысушылардың ми жұмысын магнитті-резонансты терапия аппаратының көмегімен зерттеді. Адам өтірік сөйлегенде бадамшалар белсенді жұмыс істейтіні анықталды. Алайда адам неғұрлым көп жалған сөйлесе, мидың бұл бөлігінің белсенділігі төмендей түседі.

Осыған байланысты ғалымдар адамдар жүйелі түрде өтірік айтуға үйренеді деген тоқтамға келді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Массачусетстегі Амхерст университетінде сабақ беретін Роберт Фельдман деген психолог та өтірік айтуға байланысты зерттеу жүргізген болатын. Зерттеудің нәтижесі бойынша, ересек адамдардың 60 пайызы он минуттық әңгіменің барысында кем дегенде бір өтірік айтады екен. “Біз бұндай нәтижені күтпеген едік,— дейді Фельдман.— Өтірік айту кәдімгі нәрсеге айналып кетіпті”.

Калифорния универси­те­тінің ғалымдары өтірік айтпаса тұра алмайтын жә­не өз өтірігіне өзі сенетін адамдардың миы жай адам­дардың миыннан өзгеше еке­нін байқаған. Олардың миында жүйке жасушасының негізгі элементі — нейрондардың (сұр зат) көлемі кішірейіп, керісінше ақ заттың (жүйке талшық­та­ры­ның) ұлғайғанын анықтаған. Демек, адамдардың шындықты немесе өтірікті айтуы — мидағы ақ және сұр заттардың ойыны, күресі. Қайсысы басым түссе, адам соған қарай ыңғайланады.

ДереккөзҚазАқпарат