Ғалымдар Бермуд үшбұрышының құпиясын ашты

«Бермуд үшбұрышы» – Атлант мұхитының Флорида түбегі, Бермуда және Пуэрто-Рико аралдары аралығындағы су айдыны. Ол жерде алып су иірімдері, кенеттен пайда болып, лезде ғайып болып кететін теңіз құйыны мен кәдімгі ақша бұлттан пайда болатын найзағай сынды таңғажайып табиғи құбылыстар жиі болады.

Аталған аймақта бір ғасыр ішінде шамамен 75 ұшақ пен жүздеген кеме жоғалып кеткен. Оның себебін Колорадо штаты Университетінің Стив Миллер жетекшілік ететін ғалымдары түсіндіріп берді.

Мамандардың болжамы бойынша, кемелер мен ұшақтардың жоғалуына теңдессіз метеорологиялық құбылыс — «жарылатын» алты бұрышты бұлттар себеп болған. Ғалымдар оларды «ауадағы бомба» ретінде сипаттады.

Бермуд үшбұрышы

Осындай ауа ағыны соқтығысып, ұшақтар мен кемелерге қауіпті жоғарғы турбулентті аймақ құрады. Сол себепті осы үшбұрыш айналасынан өткен заттың бәрі су түбіне кетеді.

ДереккөзBAQ.kz