Коронавирус және экономика: Президент Үкіметке тапсырма берді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент пен Премьер-министр Қытайда коронавирус инфекциясының таралуына қатысты ахуалдың әлемдік нарық пен Қазақстан экономикасына әсері туралы талқылады.

Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажетін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан саудагерлері Қытаймен арадағы шекара жабық екенін айтып, азық-түлік бағасын негізсіз өсіріп отыр деп мәлімдеген еді.