«Үздік фильм» номинациясы бойынша үміткерлер:

  • «Ford Ferrari-ге қарсы» (Ford vs Ferrari), Джеймс Мэнголд
  • «Ирландиялық» (The Irishman), Мартин Скорсезе
  • «Қоян Джоджо» (Jojo Rabbit), Тайка Вайтити
  • «Джокер» (Joker), Тодд Филлипс
  • «Кішкентай әйелдер» (Little Women), Грета Гервиг
  • «Неке оқиғасы» (Marriage Story), Ноа Баумбах
  • «1917», Сэм Мендес
  • «Бір күні… Голливудта» (Once upon a Time…in Hollywood), Квентин Тарантино
  • «Паразит» (Parasite), Пон Чжун Хо

Ернар Бекенов:

Ернар Бекенов
Ернар Бекенов. Фото жеке архивінен

«Үздік фильм» номинациясында «1917» фильмінің мүмкіндігі бәрінен жоғары. Ол Ағылшын кино және телевизия өнері академиясының нұсқасы бойынша (BAFTA), «Алтын глобуста» үздік фильм атанды, Америка гильдиялары да өз санаты бойынша үздік деп тапты.

«Үздік режиссерлық жұмыс»:

  • Мартин Скорсезе, «Ирландиялық» (The Irishman)
  • Тодд Филлипс, «Джокер» (Joker)
  • Сэм Мендес, «1917»
  • Квентин Тарантино, «Бір күні… Голливудта» (Once upon a Time…in Hollywood)
  • Пон Чжун Хо, «Паразит» (Parasite)

Ернар Бекенов:

«Үздік режиссерлық жұмыс» номинациясындағы бәсекелестердің деңгейі бірдей, кілең мықты іріктелген. Кез келгені алып кетуі мүмкін. Жүлделер саны жағынан басқаларға қарағанда Сэм Мендестің мысы басым.

«Үздік актер»:

  • Антонио Бандерас, «Күйініш пен даңқ» (Dolor y Gloria)
  • Леонардо Ди Каприо, «Бір күні… Голливудта» (Once upon a Time…in Hollywood)
  • Адам Драйвер, «Неке оқиғасы» (Marriage Story)
  • Хоакин Феникс, «Джокер» (Joker)
  • Джонатан Прайс, «Екі поп» (The Two Popes)

Ернар Бекенов:

«Үздік актер» жүлдесін Хоакин Феникс алуға тиіс. Актер «Алтын глобус», Актерлар гильдиясының және BAFTA-ның сыйлығын алды.

«Үздік актриса»:

  • Синтиа Эриво, «Гарриет» (Harriet)
  • Скарлетт Йоханссон, «Неке оқиғасы» (Marriage Story)
  • Сирша Ронан, «Кішкентай әйелдер» (Little Women)
  • Шарлиз Терон, «Төбеден жай түскендей» (Bombshell)
  • Рене Зеллвегер, «Джуди» (Judy)

Ернар Бекенов:

«Үздік актриса» — Рене Зеллвегер. Актриса беделді жүлделердің көбін алған. Бұл номинация да тосын сый бола қоймайды.

«Екінші пландағы үздік актер»:

  • Том Хэнкс, «Төңіректегі тамаша күн» (A Beautiful Day in the Neighborhood)
  • Энтони Хопкинс, «Екі поп» (The Two Popes)
  • Аль Пачино, «Ирландиялық» (The Irishman)
  • Джо Пеши, «Ирландиялық» (The Irishman)
  • Брэд Питт, «Бір күні… Голливудта» (Once upon a Time…in Hollywood)

«Екінші пландағы үздік актриса»:

  • Кэти Бейтс, «Ричард Джуэлл» (Richard Jewell)
  • Лора Дерн, «Неке оқиғасы» (Marriage Story)
  • Скарлетт Йоханссон, «Қоян Джоджо» (Jojo Rabbit)
  • Флоренс Пью, «Кішкентай әйелдер» (Little Women)
  • Марго Робби, «Төбеден жай түскендей» (Bombshell)

Ернар Бекенов:

Брэд Питт актер ретінде «Оскар» сыйлығын алған жоқ. Менің болжамым бойынша биыл «Екінші пландағы үздік актер» номинациясын Брэд Питт алады. Ал «Неке оқиғасында» ойнаған Лора Дерн осы категорияның әйелдерге арналған нұсқасында үздік болады деп ойлаймын.

«Үздік ерекше сценарий»:

  • Райан Джонсон, «Қынсыз қанжар» (Knives Out)
  • Ноа Баумбах, «Неке оқиғасы» (Marriage Story)
  • Сэм Мендес, «1917»
  • Квентин Тарантино, «Бір күні… Голливудта» (Once upon a Time…in Hollywood)
  • Пон Чжун Хо, Хан Джин Вон, «Паразит» (Parasite)

Ернар Бекенов:

«Үздік ерекше сценарий» бойынша бұған дейін Квентин Тарантино «Оскар» сыйлығын алды. Бұл жолы Сэм Мендеске («1917») немесе «Паразит»  фильмінің сценаристеріне беріледі деп ойлаймын.

«Үздік бейімделген сценарий»:

  • Стивен Заиллян, «Ирландиялық» (The Irishman)
  • Тайка Вайтити, «Қоян Джоджо» (Jojo Rabbit)
  • Тодд Филлипс, «Джокер» (Joker)
  • Грета Гервиг, «Кішкентай әйелдер» (Little Women)
  • Энтони МакКартен, «Екі поп» (The Two Popes)

Ернар Бекенов:

«Үздік бейімделген сценарийде» Тайка Вайтитидің есімі бәрінен озық тұр. Жаңа Зеландия өкілі Сценаристер гильдиясы жүлдесін және BAFTA-ны алды.

«Толықметражды үздік анимация фильм»:

  • «Айдаһарды қалай қолға үйрету керек: Жасырын әлем» (How to Train Your Dragon: The Hidden World), Дин Деблуа
  • «Мен тәнімді жоғалттым» (I Lost My Body), Жереми Калпен, Марк ду Понтавиче
  • «Клаус» (Klaus), Серджо Паблос, Карлос Мартинес
  • «Линкті іздеу» (Missing Link), Крис Батлер
  • «Ойыншықтар хикаясы-4» (Toy Story 4), Джош Кули

Ернар Бекенов:

«Толықметражды үздік анимация фильм» номинациясында «Клаустың» мүмкіндігі жоғары. Өйткені Annie мен BAFTA-ны алды. Бірақ «Алтын глобус» жеңіп алған «Линкті іздеу» мен 2019 жылдың хиты болған «Ойыншықтар хикаясы-4» те мықты бәсекелес екенін ұмытпау керек.

«Үздік шетел көркем фильмі»:

  • «Христос тәні» (Corpus Christi), Ян Комаса (Польша)
  • «Бал елі» (Honeyland), Тамара Котевска, Любомир Стефанов (Солтүстік Македония)
  • «Аластатылғандар» (Les Misérables), Ладж Ли (Франция)
  • «Күйініш пен даңқ» (Dolor y Gloria), Педро Альмодовар (Испания)
  • «Паразит» (Parasite), Пон Чжун Хо (Оңтүстік Корея)

Ернар Бекенов:

Бұл номинацияны Оңтүстік Кореяның «Паразиті» алады деп ойлаймын. Фильм биыл алуға болатын жүлденің бәрін алды. Оның ішінде Канн фестивалінің бас жүлдесі, «Алтын глобус», BAFTA, басқа да беделді жүлделер бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!