Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Мәжіліс отырысында депутат Ирина Смирнова Қазақстан ең төменгі жалақы мөлшері жөнінен посткеңестік кеңістік елдері арасында соңғы орындарда екенін мәлімдеді.
Бізден кейін тек Қырғызстан тұр. Ең төменгі жалақыны көбейту мәселесі қалай және қашан түбегейлі шешіледі? Ұсынылып отырған схема — таңнан түнге дейін, түнде және мереке күндері жұмыс істеудің өзі лайық өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге азаматтардың көбінің зейнетақы қаражатын жеткілікті жинап алуының өзі күмән келтіреді, — деді депутат.
Сауалға жауап берген Біржан Нұрымбетов халық табысының аз болуы жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен атаулы әлеуметтік көмекке қатысты проблемаларға себеп екенін айтты.
Үкімет жинақтаушы жүйе мәселелері шеңберінде Президентке ұсыныс жолдады. Президент қолдады. Бүгінде Үкімет тапсырма берді, Ұлттық экономика және Еңбек және халықты қорғау министрліктері бюджет шығынын ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңмен арттыру амалдарын қарастырып жатыр, себебі жеке табыс салығын ескергенде бұл бюджет саласындағы жалақының артуына ықпал етуі керек, біз жақын арада соны есептеп болып, Үкіметпен мақұлдасқаннан кейін ол туралы хабар береміз. Біз ең төменгі жалақыны 2020 жылдың шілдесінен бастап арттырамыз деп шамалап отырмыз, — деді министр.