Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны одан әрі артты

Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасаған халықаралық ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, бұған дейін елдегі коронавирустың жаңа типінен болатын пневмония тіркелмеген жалғыз өңір Тибет еді.

Оған дейін коронавирус инфекциясын 5 974 адам жұқтырғаны және 132 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Бір тәулік ішінде қауіпті вирус 1 737 адамға жұғып, көрсеткіш жаңарып отыр. Бір тәулік ішінде 38 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталығындағы Ухань қаласында беймәлім пневмония өршігенін Қытай Үкіметі 2019 жылдың желтоқсанында хабарлады. Мамандар жұқпалы аурудың қоздырғышы 2019-nCoV коронавирусы деп мәлімдеді. Бұл ауруды бүгінге дейін Қытаймен бірге Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Германия, Финляндия азаматтары жұқтырған. Жапония мен Германияда коронавирус Қытайға бармаған азаматтардың бойынан анықталды.

Қазақстан коронавирус инфекциясынан сақтану шараларын күшейтті, екі ел арасында теміржол, әуе, автокөлік тасымалы бойынша жолаушылар қатынасын уақытша тоқтатты. Қытайдан келген 35 адам ауруханаға жатқызылып, оқшауланды.