Еліміздің кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Синоптиктердің болжамы бойынша Атырау облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз кей жерде екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында кей жерде тұман түседі. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғады.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 35 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған еді.