Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Пилот Миржан Молдақұлов ауруханадан шыққаннан кейін 2 сағатқа жуық уақыттан соң қайтыс болған. Ол 1965 жылы 4 мамырда туған. 2020 жылдың 5 қаңтарында реанимация бөлімінде есін жиған пилот салалық бөлімге ауыстырылған еді.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 қаңтарында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Bek Air ұшағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болды. Апаттан 12 адам қаза тапты. Олардың арасында бірінші пилот Марат Мұратбаев та болды.