25 мыңнан астам отбасының 11 800-дейі жалпы жәрдемақыға алғаш рет өтініш беріп отыр. 13 700-ден астам отбасы жәрдемақыны қайта есептетпекші.
Жәрдемақыға республика бойынша Түркістан, Алматы облыстарынан және Шымкенттен ең көп өтініш берілген. Халыққа қызмет көрсету орталықтары көпбалалыларға арналған жаңа әлеуметтік көмек үшін өтініш қабылдауды 2019 жылдың қарашасында бастады. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл жәрдемақы еліміздегі 368,9 мың отбасыға тиесілі екені белгілі болды. 246 мыңнан астам отбасы — көпбалалы ретінде 2020 жылға дейін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алып келгендер. Олардан жаңа жәрдемақы үшін қайта өтініш беру талап етілмеді.
Жаңа жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы немесе күндізгі оқу бөлімінде оқитын 23 жасқа дейінгі студент баласы бар отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы бала санына байланысты және отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленеді. Мысалы, төрт баласы бар отбасыға төленетін жәрдемақы көлемі — 42 496 теңге, бес бала үшін 53 127 теңге, алты бала үшін 63 757 теңге, жеті бала үшін 74 388 теңге беріледі.
Көпбалалыларға арналған жаңа жәрдемақы туралы толық мәліметті «1411» нөміріне хабарласып алуға болады.