Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Джанлука Эспозитомен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болып кіруі мен Еуропа кеңесімен ықпалдастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіруге қолдау көрсеткені үшін Еуропа кеңесіне ризашылығын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда халықаралық ұйыммен ынтымақтастық маңызды екенін айтты.

Біз аталған ұйымның қызметіне атсалысуға өте мүдделіміз. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысымызға, сонымен қатар ел дамуына кері әсер ететін басқа да мәселелердің шешілуіне тың серпін береді деп сенеміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Джанлука Эспозито Қазақстан мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының ынтымақтастығы екі тарапқа да тиімді болатынын айтты.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болуы жемқорлықпен күрес принциптері мен тетіктерін жетілдіру ісіне ғана емес, сонымен бірге бизнес-ахуалды жақсартуға, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жандандыруға да септігін тигізеді, — деді ұйымның атқарушы хатшысы.