Қараша айында 956,6 миллиард теңге, ал 2018 жылдың желтоқсанында 1,22 триллион теңге жұмсалған.

2019 жылдың желтоқсанында бөлшек сауданың нақты өсімі қарашаға қарағанда 44,8%, 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 7,3% болды.

Кассалар бойынша ресми жүргізілген бөлшек сауда көлемі жөнінен әдеттегідей Алматы алда — 451,5 миллиард теңге, 2018 жылдың желтоқсанында көрсеткіш 375,2 миллиард теңге болған. Алматыдан кейінгі орында Нұр-Сұлтан тұр — 166,2 миллиард теңге, одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 143,2 миллиард теңге болған еді.

Ритейл бойынша үздік бестікке Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстары еніп отыр. Бөлшек сауда ең аз жасалған өңір — Түркістан облысы.

Бөлшек сауда

2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жылдық инфляцияның ресми деңгейі 5,3% болды. 2018 жылы жылдық инфляция 6%, 2017 жылы 7,4%, 2016 жылы 14,6% болған еді.

2019 жылы азық-түлік бірден 8,2%, одан басқа тауарлар 5,7% қымбаттады.