Басты бетЖаңалықтарХеопс пирамидасының...

Хеопс пирамидасының құпия бөлмелері табылды

Ғалымдар ежелгі мазардың бұл бөлмелерін инфрақызыл сканерлеу арқылы және мионды томография жасау барысында анықталған. Бөлменің біреуі кіретін есіктердің солтүстік жағында болса, екіншісі — солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл жасырын бөлмелердің бір-бірімен байланысы бар болуы мүмкін. Зерттеулердің қорытындысы зертханаға жіберіледі. Онда мамандар виртуалды моделдеу арқылы бөлмелердің ауқымын анықтайтын болады.

Хеопс пирамидасы

Бірнеше археологтар жаңа табылған бос орындардың бөлме еместігін айтады. Олардың айтуынша, бұлар фараонның жасырын бөлмесі емес небәрі тас қалаудағы қателіктер.  Қазір Scan Pyramids жобасының аясында Египеттен және Франциядан келген ғалымдар Гизадағы Хефрена пирамидасын және Дахшурда екі пирамиданы зерттеп жатыр.

Айта кетейік, Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер — биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді.

Дереккөзtengrinews.kz