Көмек Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидалары туралы» 2015 жылдың 28 сәуіріндегі № 281 бұйрығына сәйкес аймақтар бойынша беріледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Стационарды алмастыратын формадағы паллиатив көмек

Бұл қызмет амбулаториялық емхана ұйымдарының күндізгі стационарларында, паллиатив көмек бөлімшесі бар ауруханаларда, мамандандырылған медициналық мекемелерде (хоспис) және үй жағдайында беріледі. Ол Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Стационарды алмастыратын көмек беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 тамыздағы бұйрығы бойынша жүргізіледі.

Медицина мекемелерінде кепілдендірілген тегін көмек беру аясындағы паллиатив көмек беру денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органмен бекітілген клиника хаттамасына сәйкес орындалады.

Зертхана талдауын жүргізу үшін үй жағдайында медбике көмегіне мұқтаж азаматтардан анализ үйде алынады. Көрсеткіш бойынша аспаптарды қажет ететін зерттеулер тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емханада жүргізіледі.

Күндізгі стационардағы және үй жағдайындағы медицина қызметін учаске терапеві, жалпы практика дәрігері, бейінді мамандар, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер және медбикелер көрсетеді. Медицина көрсеткіші бойынша басқа да сала мамандары консультация береді.

Күндізгі стационардағы пациенттерді дәрігер күн сайын қарайды. Бағдарламалық терапиядағы емделушілерді медицина қызметкері (эфферент терапия, гемодиализ, перитониал диализ, ультрафильтрация, химиотерапия, радиотерапия) емдеу бағдарламасына сәйкес пациенттің жүгінуі бойынша ғана тексереді.

Стационарды алмастыратын көмек беретін күндізгі стационар мен үй жағдайындағы стационарда дәрігер пациентті қарап, жүргізіліп жатқан емге өзгеріс енгізеді. Қажет болған жағдайда қосымша зертхана және аспапты қажет ететін зерттеулер, сала мамандарының консультациясын тағайындайды. Ол медициналық сала қызмет көрсететін ұйымның стандарттары және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын есепке ала отырып жүргізіледі. Зорлық-зомбылық және денеге зақым келтірген жағдайда профилактикалық көмек көрсетіліп, медициналық оңалту жүрігізіледі. Жәбірленушінің көмекке жүгінгені және оған көрсетілген ем туралы ішкі істер органдарына хабарлайды. Күндізгі стационарда ем қабылдап жатқан пациенттің жағдайы күрт нашарласа, шұғыл көмек беріліп, емделуші жедел медициналық қызмет көрсету бригадасының көмегімен емін жалғастыру үшін тәулік бойғы стационарға жіберіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Пациент денсаулығы жақсарып, стационарды алмастыратын көмекті керек етпейтін терапияны жалғастыру қажет болған жағдайда емделуші тіркелген мекенжайы бойынша БМСК маманының бақылауымен амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Стационарды алмастыратын медициналық көмек алу қажет болған кезде пациенттің күндізгі стационарға күн сайын келуіне кедергі келтіретін жағдай туындаса, тұрақты алмастыру ферментатив және бактерияға қарсы терапия алу үшін маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулауды талап ететін және инфекциялық асқынулардың жоғары тәуекелімен ұштасқан, балаларда сирек кездесетін аурулардың болуы пациентті үйдегі стационарларда емделуге мәжбүрлейді.

Пациенттің көмекке жүгінген сәтінен бастап жүргізілетін емінің ұзақтығы:

1) гемодиализ, перитонал диализ, химия және сәулелік терапия, бағдарламалық терапия, медициналық оңалту және қалпына келтіру еміндегі пациенттерден басқалары күндізгі стационарда 3 күннен 8 жұмыс күніне дейін;

2) үйдегі стационарда 3 жұмыс күні, ал жіті ауруларда 5 жұмыс күні, созылмалы дерттің асқынуы кезінде 8 жұмыс күніне дейін емделеді.

Амбулаториялық емханалық ұйымдардағы күндізгі стационардың жұмыс тәртібі сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін және демалыс, мереке күндерін есепке ала отырып жасалады.

Стационарды алмастыратын көмек алған пациент емделу парағын алған кезде күндізгі және үй жағдайындағы стационарда емделді деген 066-4/у формасы бойынша статистика картасы толтырылады. Ол №907 бұйрықпен бекітілген.

Емделуішінің медицина картасынан ұсыныстар жазылған №027/у формасы бойынша көшірме пациенттің қолына беріледі. Ол № 907 бұйрықпен бекітілген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!