Google жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан азаматтары 2019 жылы интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Компанияның мәліметінше, іздеу жүйесіне ең көп жазылған сөз — «Игра престолов 8 сезон».

Қазақстанда Google қолданушылары биыл қазақша-орысша сөздікті, құрлықтық хоккей лигасы туралы ақпаратты, «Кек алушылардың» соңғы бөлімін, «Ветреный», «ИП Пирогова» сериалдарын да көп іздеген. Іздеу жүйесіне сұрау салынған танымал адамдардың қатарында өмірден өткен әншілер Юлия Началова, Децл мен Жанар Хамитова, биыл Қазақстан Президенті атанған Қасым-Жомарт Тоқаев, қатерлі ауруға ұшыраған актриса Анастасия Заворотнюк, Украинаға Президент болған Владимир Зеленский, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен саясаткер Әміржан Қосанов бар.

«Что такое?» («дегенiмiз не?») деген сұрақты қоя отырып, қазақстандықтар Google-ден «подагра», VPN, «эпитет», «снюс», «хобби», «олицетворение», «анимизм», «постер» деген нәрселердің не екенін білгісі келген.

Интернеттегі сауда бойынша Қазақстан азаматтары әдеттегідей теміржол, әуе және кино билетін көп іздеген, сонымен бірге кондиционер, электр самокат, Қарағанды мен Алматыдан пәтер, Армениядан автокөлік сатып алуға көп қызыққан.

Іздеу жүйесіне салынған топ-10 сұрау:

  1. Игра престолов 8 сезон
  2. Переводчик казахско русский
  3. Мстители Финал
  4. Юлия Началова
  5. КХЛ
  6. Токаев
  7. Заворотнюк
  8. Зеленский
  9. ИП Пирогова
  10. Ветреный
Тақтар ойыны
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Тұлғаларға қатысты топ-10 сұрау:

  1. Юлия Началова
  2. Касым-Жомарт Токаев
  3. Анастасия Заворотнюк
  4. Владимир Зеленский
  5. Жанар Хамитова
  6. Децл
  7. Нурсултан Назарбаев
  8. Амиржан Косанов
  9. Алла Вербер
  10. Билли Айлиш

Фильмдерге қатысты топ-10 сұрау:

  1. Мстители. Финал
  2. Король Лев
  3. Джокер
  4. Аквамен
  5. Оно 2
  6. Капитан Марвел
  7. Как приручить дракона 3
  8. Малефисента: Владычица тьмы
  9. Зеленая книга
  10. Однажды в Голливуде

Сериалдар бойынша топ-10 сұрау:

  1. Игра престолов 8 сезон
  2. ИП Пирогова
  3. Ветреный
  4. Чернобыль
  5. Жестокий Стамбул
  6. Отель дель Луна
  7. Любовь напоказ
  8. Острые козырьки 5 сезон
  9. Ивановы Ивановы 4 сезон
  10. Изящная семья

Қолданушылар мағынасын білгісі келген топ-10 сөз:

  1. Подагра
  2. VPN
  3. Эпитет
  4. Снюс
  5. Хобби
  6. Олицетворение
  7. Анимизм
  8. Постер
  9. Сонный паралич
  10. Искусственный интеллект

Онлайн сауда-саттыққа қатысты көп ізделген сөздер:

  1. ЖД билеты
  2. Авиабилеты
  3. Билеты в кино
  4. FlyArystan билеты
  5. Кондиционер
  6. Квартира в Караганде
  7. Авто в Армении
  8. Электросамокат
  9. Дом в Алматы
  10. Билеты на матч Астана Манчестер Юнайтед