Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен техника саласы бойынша әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы жарлыққа қол қойды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті арнайы комиссияның шешімін қарап, мемлекеттік сыйлықты төрт цикл бойынша беру туралы қаулы етті.
Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) «Ұлттық құрамы бар, балаларға арналған және емдік-профилактикалық тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру бойынша инновациялық кластерлер» тақырыбындағы жұмыс циклі үшін:
«Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигi Төрегелдi Шармановқа;
Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауытының бас директоры, Қазақ тағамтану академиясының аға ғылыми қызметкері Жанкелді Әбжаппаровқа;
«ЕвразияИнвест LTD» серіктестігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қадырбек Мейрамбековке;
«ЕвразияИнвест LTD» серіктестігі директорының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Ғалымжан Мейрамбековке;
Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор Юрий Синявскийге;
«Ордабасы құс» серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Сергей Терещенкоға;
Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауытының директоры, Қазақ тағамтану академиясының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Руслан Юнге;
2) «Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыс циклі» тақырыбындағы жұмыс циклі үшін:
География институтының директоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигi, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ахметқал Медеуге;
География институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Саят Әлімқұловқа;
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы — ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Есполовқа;
География институтының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Игорь Мальковскийге;
География институтының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Игорь Северскийге;
География институтының табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету және математикалық модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Лидия Төлеубаеваға;
География институтының су ресурстарын бағалау зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты Айсұлу Тұрсыноваға;
3) «Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер (мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, ветеринария)» тақырыбындағы жұмыс циклі үшін:
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының директоры, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Дәурен Бекеновке;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Мұрат Әлиевке;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері, Ұлттық инженерия ғылымдары академиясының академигі Темірхан Досмұхамбетовке;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Николай Ивановқа;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы Айдар Наметке;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Садықұловқа;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Сәуле Сарымбековаға;
«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Сұлтановқа;
4) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай құбыры маршруттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жұмыс циклі үшін:
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ескендір Бейсембетовке;
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының компьютерлік модельдеу және программалық қамтылым бөлімінің басшысы, техника және технология магистрі Тимур Бекібаевқа;
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұзақ Жапбасбаевқа;
Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғылым жөніндегі проректоры, Металлургия және кен байыту институтының бас директоры — басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бақдәулет Кенжалиевке;
«ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаментінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновация секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ербол Махмотовқа;
«ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Саяховқа берілді.