Басты бетЖаңалықтарСерік Ахметов...

Серік Ахметов 10 жылға сотталды

Бұл істе жалпы 21 адам фигурант болды, олар жеті эпизод бойынша айыпталды. Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл айыптар «Мәңгілік алау» мемориалының абаттандыру, «DDKZGroup» ЖШС-ға жер учаскелерін бөлу және оларды үлестес тұлғаларға өткізу, «Евростандарт» ЖШС құру және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру, «ТЛК» ЖШС қызметіне қатысу және көлік-логистикалық кешеннің құрылысына жер үлестіруде қызметтік өкілін теріс пайдалану бойынша қарастырылды.

Серік Ахметов 2014 жылдың қарасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді.

ДереккөзTengrinews.kz