Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы басты мәселе ретінде мегаполис инфрақұрылымын модернизациялауды қолға алғанын айтты.
Қала басшысының айтуынша, 2023 жылы 23 ықшамаудандағы 105 мың тұрғын ауызсумен 100% қамтамасыз етіледі. Бүгінде су құбырлары мен кәріз желілері тартылып жатыр.
Брифингіде әкім Алматыдағы көшелерді жарықтандыру туралы да айтты.
Біз қала бюджетін бұрын еш жарығы болмаған көшелерді жарықтандыруға бағыттадық. Қазіргі кезде осындай 208 көшенің сыртқы жарығының құрылысы аяқталды. Келер жылы 1 176 көшенің жарығы реттеледі. Осылайша сыртқы жарық деңгейі 100%-ке жетеді, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматы басшысы биыл 672 аула көріктендірілгенін де айтты. 2020 жылдан бастап «Менің аулам» ауқымды бағдарламасы іске асады. 2 жыл ішінде Алматы аулалары толық абаттандырылады.