Қарағайлы өзені маңындағы аудандарға ауызсу беру реттелді

Қарағайлы өзенінің суы тұндырылып, фильтрлі станцияның жұмысы реттелді. Қазір су залалсыздандырылып, халыққа беруге кешенді дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Қарағайлы өзені
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, коммунал қызмет өкілдері өзен арнасын, фильтрлер мен құбырларды тағы бір рет тазартып шыққан. Су желілері жуылған. Тұтынушыларға су бір күн ішінде беріледі. Қазір су қысымы қалпына келтіріліп жатыр.

«Алматы Су» кәсіпорны суесептегіштері жоқ ықшамаудан тұрғындарына су болмаған кездің төлем есебін қайта жасайды.