«Алатау» театры тікелей Елбасының қолдауымен бой көтерген. Салтанатты кеште есімдері елге танылып қалған жас өнерпаздар фольклор-этнография ансамблінің сүйемелдеуімен халық әндерін шырқады.
Бұл театрды еліміздің тарихымыздағы қазақтың күйін, дәстүрлі әні мен биін танытуға арналған бірден-бір театр деуге болады, — деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Дәлел Уәшев.