Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты қатынастары аясында Қазақстан мен Татарстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.
Елімізге жасаған сапарыңызды қолдаймын. Татарстан — Ресейдің дамып келе жатқан өңірі. Сіз Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Сенатында келіссөз жүргіздіңіз. Мен біздің қатынастарымызды жоғары бағалаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.