Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентін әуежайдан қарсы алды

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежайдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен бірге «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориал кешеніне барып, 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға орнатылған ескерткішке гүл қойды. Бұдан кейін қос Президент қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың басына барып, рухына тағзым етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков
Фото: Аkorda.kz

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков жоғары деңгейде келіссөз жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қояды. Мемлекет басшылары БАҚ үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Ертең  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.