«Қазгидромет» синоптиктері 28-30 қараша күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында орналасатын антициклонның ықпалынан ауа райы қалыпты аязды және айтарлықтай жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы орташа көпжылдық шамаға жуық және одан 1-4 градус төмен болады, — деп хабарлады мамандар.
Синоптиктердің мәліметінше, қауіпті құбылыстардан бұрынғысынша түнгі және таңғы уақытта 100-500 метрге дейінгі қашықтықты көрсетпей қоятын тұман түседі және көктайғақ болады.