Украинамен арадағы экстрадициялау туралы шарт ратификацияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.