Басты бетЖаңалықтарАлматы халқы...

Алматы халқы Фариза Оңғарсынованы еске алды

Алматы әкімі орынбасарының кеңесшісі Данияр Әлиев қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың еске алуға арналған сөзін оқып, гүл тапсырды.

Ақын Маралтай Райымбекұлы Фариза Оңғарсыноваға өлең арнады.

Фариза апайға «Найзағай»  деген өлең арнап едім. 70 жасқа толған мерейтойында арнайы шақыртып, халық алдында оқытты. Бүгінгі 80 жылдықта да сол өлеңді қайталап оқып бердім, — деді Маралтай Райымбекұлы.

Фариза Оңғарсынова — ақын, 1939 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Тұңғыш өлең жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. Ол — «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары мен «Үйім менің — Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Ақын 2014 жылы дүниеден өтті.

ДереккөзAlmaty.tv