Денсаулық сақтау саласының цифрлануы жарты миллионнан аса қаржы үнемдеді

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру 590 мың теңгеге жуық қаржы үнемдейді. Оның жартысынан көбі қарапайым қағазды сатып алудан үнемделген. Мұндай ақпарат Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы арқылы берілді. Емделушілер электрон қызметтер арқылы алдын ала тіркелуіне байланысты дәрігерлік кеңседе кезекке тұруға аз уақыт жұмсай бастады. Ал қабылдау уақыты 25-тен 15 минутқа дейін қысқарды.

Петропавл қаласындағы емханаға шамамен 71 мыңға жуық адам тіркелген. Оның амбулаториялық-емханалық пункті цифрлық жүйе енгізілген пилоттық ұйым болды. Қазір науқастар дәрігердің қабылдауына мобайл қосымшамен, электрондық үкімет порталы арқылы немесе клиникадағы тікелей терминал арқылы тіркеле алады. Ал зертханада, функционал диагностикалық бөлмелерде және дәріханаларда тегін дәрі беру үшін электрон кезек қойылған.

Денсаулық сақтау министрлігі алдағы уақытта елдің барлық алыс аймақтарында орналасқан емханалар компьютермен және интернетпен қамтамасыз етілетінін хабарлады. Бұл бастама 2022 жылға дейін жүзеге асады. Қазіргі таңда барлық облыс орталықтары біртіндеп электрон жүйееге көшіп жатыр. Ал Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қағазбастылықтан арылып келеді.

Еске сала кетейік, бұл аталған жұмыстардың басым бөлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр.