«Қазақконцерт» Алматыда 60 жылдығын атап өтті

Astana sazy мен Saz&soul ансамбльдеріне белгілі композиторлар Бауыржан Ақтаев пен Әділжан Толықпаев жетекшілік етеді.

Бұл маэстролар көрерменге ерекше бағдарлама ұсынды. Концертте Құрманғазы, Ақан сері, Жаяу Мұса, Нұрғиса Тілендиев, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Алтынбек Қоразбаев сияқты белгілі композиторлардың шығармалары мен халық әндері жаңа форматта орындалды, — деп жазылған ұйымның  Instagram-парақшасында.

Astana sazy – қазақтың ұлттық музыкасын насихаттайтын этно-фольклор ансамблі. Өнер ұжымының құрамындағы музыканттар домбыра, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабыл мен мүйіз сырнай сынды қазақтың көне халық аспаптарымен өнер көрсетеді.

Saz&soul — қазақтың халық әндерін және отандық композиторлардың танымал әндерін заманауи тыңдарманның талғамына сай жаңа форматта, әртүрлі музыкалық жанрларда ұсынатын вокалдық-аспаптық ансамбль.

View this post on Instagram

Алматылықтар «Astana sazy» және «Saz&soul» өнер ұжымдары «Қазақконцерт шақырады»​ атты керемет концерттің куәгері болды. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ансамбльдері ұсынған концерт Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің залында аншлагпен өтті. «Astana sazy» және «Saz&soul» ансамбльдерінің концерті «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының негізгі қағидаларымен үндес болды. «Қазақконцерт шақырады» концерті – қазақтың дәстүрлі музыкасы мен эстрада өнерін үндестірген тамаша синтездің үлгісі. Концертте Ұлы даланың көне музыкалық сарындары заманауи жаңа форматта жаңғырады. Концерттің мақсаты – қазақ музыкасының дамуына жаңаша леп әкелген композиторлар Бауыржан Ақтаев және Әділжан Толықпаевтың бірлесе ұсынған концерті арқылы кәсіби жас музыканттарға жақсы тәлімгерлік сабақ көрсету. Сондай-ақ өнердің озық үлгілерін халыққа қолжетімді ету мақсатында бұл концерт тегін өткізілді», — деп атап өтті «Қазақконцерт» директорының орынбасары Алмас Алтынбеков. _________________________________________________ Талғамы биік тыңдарманға екі маэстро жаңа бағдарлама ұсынды. Жанды дауыста өткен концертте халық әндері, Құрманғазы, Ақан сері, Жаяу Мұса, Н.Тілендиев, Ж.Жабаев, К.Әзірбаев, А.Қоразбаевтың белгілі композициялары жаңа форматта орындалды. Қос ансамбльмен бірге сахнада Қазақконцерт солистері Ерболат Шалдыбеков, Салтанат Меңдiғалиева және Қайрат Сарыбаев өнер көрсетті. Сан түрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен жаңа форматта орындалған сүйікті ән-күйлер талғампаз тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, ерекше рухани азық сыйлады. Елордалық өнер ұжымдарының ерекше тартуы алматылықтарды бей-жай қалдырған жоқ. Күздің суық күнінде көңіл жылуын сыйлап, керемет әсерге бөлеген концертті өнер сүйер қауым ыстық ықыласпен қабылдап, кеш соңында Қазақконцерт артистерін бірнеше мәрте биске шақырды. ​ ​ @astana_sazy @sazandsoul_official @b.aqtai @adilzhantolukpaev @almas_altynbek @saltanatmendygalieva @sarybayevkk @erbolat.shaldybekov @mrs.beisenova

A post shared by Qazaqconcert (@qazaqconcert) on