Алтынбек Қоразбаев Президент Жолдауы туралы пікірін білдірді

Халық артисінің айтуынша, еліміз дамудың жаңа дәуіріне қадам басты.

Жаңа көкжиекке шыққан Тәуелсіз Қазақстан әлемдік саясат сахнасындағы жетістігімен жер-жаһанның назарын аударып келеді. Мемлекет басшысының тағылымы мол, танымы терең тарихи құжаты жарқын ойға жетелейді. Қазақстанның уақыт керуеніне ілесіп, желкенін жайып, алға қарай жүзіп келе жатқаны — үлкен жетістік. Бұл мемлекетте жүргізіліп жатқан саясатқа қатысты екені күмәнсіз, — деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндетті іске асыруымыз керек» деп атап өтті. Композитордың айтуынша, Президент халыққа Жолдауында өткір де өзекті бірқатар мәселені атады.

Туризмді дамыту мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы Алтын Орданың 750 жылдығын тарихымыз бен мәдениетімізге қызығатын туристерді тартатындай атап өту туралы ой-пікірін білдірді. Парасатты пікір. Бұл жаһан жүзіне ұлтымызды ұлықтаудың, Қазақ елінің абыройын асқақтатудың, тағылымды тарихын насихаттаудың тамаша көрінісі болмақ, — деді Алтынбек Қоразбаев.