Бір жыл ішінде жууға арналған ұнтақ бағасы 6%, иіссабын бағасы 8%, кірсабындікі 7% өсті.

Қараша айына дейін қазақстандықтар жарты келі кіржуғыш ұнтақты 456 теңгеге сатып алды. Бұл былтырғы бағамен салыстырғанда 6% артық.

2019 жылдың қазан айында иіссабынның 100 грамы 230 теңгеге сатылды, былтырғы баға 7,9% төмен еді. Кірсабын бағасы бір жыл ішінде 7,4% артып, 200 грамм болатын брикет 130 теңгеге дейін сатылды.

Energyprom.kz, жуатын заттар

Жууға арналған заттарды өндіру 44,5% артты, биылғы қаңтар-тамыз аралығында 5,5 мың тоннаға жетті. Соның өзінде бұл нарықтағы сұраныстың бар болғаны 5,9%-ін жабады.

Сабын өндіру керісінше 14,3% төмендеп, 10,6 мың тонна қысқарды. Отандық өндірушілер сұраныстың 28,6%-ін өтеп тұр. Алайда бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 31,1% еді.

Қазақстанда арнайы тазарту пасталары мен ұнтақтар іс жүзінде өндірілмейді: сұраныстың 98,9%-ін импорт өнімдер өтеп жатыр. Бір қызығы, өндіріс өте аз болғанымен бірден 4,3 есе өсті. Дегенмен бұл — бар болғаны 49 тонна.

Energyprom.kz, жуатын заттар

Парфюмерия мен дәретханаға арналған құралдар бағасы да өсті: бір жылда сусабындікі 5,8% өсіп, 100 миллиграмы 419 теңгеге дейін сатылды. Тіс пастасының бағасы 5,5% артып, 75 миллиграмы 497 теңгеге дейін өтті.

Иіссу бағасы 6% көтеріліп, 100 миллиграмы 24,1 мың теңгеге дейін сатылды. Energyprom.kz, жуатын заттар

Қазақстанда парфюмерия мен дәретханаға арналған құралдар да іс жүзінде өндірілмейді. Отандық өндіріс нарықтың бар болғаны 4,3%-ін өтейді, 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында бұл көрсеткіш 5% еді.

Дегенмен 8 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 15% артып, 2,3 мың тонна өсті. Сегменттегі сұраныс жоғары: ішкі тұтыну 38,5% өсіп, сәйкесінше импорт 34,4% артты. Бұл нарықта отандық өнімге мұқтаждық көбірек байқалады.

Energyprom.kz, жуатын заттар

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!